25.05.2017, 11:51
Қараулар: 427
Көсем Сырым – алып ұлы даланың

Көсем Сырым – алып ұлы даланың

03.25.05.17Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпитыда Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуына орай «Көсем Сырым, алып ұл Даладағы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Қаратөбе кол­леджі, Теректі колледжі, Бөрлі колледжі, Ақсай колледжі, Тайпақ колледжі, Жалпақтал колледжі, Сырым колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің оқытушылары, облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскері және шақырулы қонақтар қатысты.

Келген қонақтар алдымен ауданның тарихи ескерткіштері мен және мұражайларына экскурсия жасады. Содан соң аудандық білім беру бөлімінде аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұловтың қатысуымен концеренцияның ашылу салтанаты өтті. Конференцияның екінші бөлімі Сырым колледжінде өтті. Бұл күні бас қосқандар Сырымның шежіресі мен тарихы, Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталуы және оның барысы, шешендік тұлғасы сынды тақырыптарда баяндама оқып, тәжірибе алмасты. Аталмыш шара барысында келген қонақтарға ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп, ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы ОМБК оқушылары және Сырым колледжінің студенттері Сырымның шешендік сөздері мен оған арналған өлеңдерді жатқа оқыды.   Қатысушыларға БҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік каби­нетінің атынан сертификаттар табысталды.

Үміт Жәңгірова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар