25.05.2017, 11:48
Қараулар: 337
Сот төрелігінің қолжетімділігі

Сот төрелігінің қолжетімділігі

Елбасының сот органдары жұмысына жаңа технологияларды қолдану халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен барынша ашықтыққа қол жеткізуді арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатымен Жоғарғы Сот тұрғындар үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдан бастап заманауи технологияларды сәтті енгізіп, жүзеге асыруда. Мұндай жаңашылдықтың бірі «Сот кабинеті» сервисі болып табылады. Бұл сот органдары қызметіне бір терезе жүйесімен қол жеткізудің онлайн түрі. ҚР Жоғарғы Сотының сайтында «Сот кабинеті» модулі құрылған, сол арқылы жеке және заңды тұлғаларға және олардың заңды өкілдеріне соттарға электронды формаларды толтыру арқылы электронды құжаттар мен іс материалдарын жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінде сот органдарымен электронды хат алмасу мүмкіндігі туындап отыр, бұл заңды, жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға да қолжетімді. Бұл үшін электронды сандық қолтаңба болса жеткілікті. Бұл модулде «Сот кабинеті» сервисі арқылы «сот органдарына хат жолдау» механизімі жүзеге асырылған. Хат алмасуға тиімді тәсіл. Сонымен қатар барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға әкімшілік құқық бұзушылық істер материалдарын электронды форматта жолдау мүмкіндігі де қарастырылып отыр.   Бүгінгі күнде Сырым ауданында сот кабинеті арқылы 139-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы электронды материал, 169-дан астам талап арыз түскен. Онлайн қызметті пайдаланудағы ең басты ерекшелік бұл сотқа шағым жазып оны тіркеуде уақытты үнемдеу. Сервисті қолданушылар үйде немесе жұмыс орнында отырып интернет желісі арқылы сотқа талап арызын, сот отырысы хаттамасын алу арызын жолдай алады. Сонымен қатар мемлекеттік баж салығын төлеуге, сот құжаттарын қарауға, сот құжаттарын басып шығару мүмкіндігіне ие бола алады.

Сот жүйесін жетілдіру бағытында Елбасы айқындап берген міндеттер шегінде сот-құқықтық реформалары толығымен іске асырылды деуге болады. Бұл өз кезегінде жоғары деңгейде дамыған құқықтық жүйесі бар нағыз конституционалды мемлекет құруға септігін тигізеді.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарының сот органдарына қатысты міндеттердің негізгі мақсаты – сот төрелігін жүзеге асыруда заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталды. Сот жүйесіне бірқатар жаңалықтар енгізілді.

Бүгінгі күні республика соттары сот төрелігінің бес сатылы жүйесінен үш буынды жүйесіне өтіп, өз қызметін жаңартылған жүйемен атқаруда.

Сонымен бірге, сот процестерін бейне және үнтаспаға жазылу арқылы өткізу де өз шешімін тапты.

Жоспар аясында қабылданған заңнамалық құжаттар, уақыт талабына сәйкес, заңдарға өзгертулер мен толықтырулардың үнемі енгізіліп отыруы құқықтық реформаның үздіксіз жүргізілуінің белгісі. Осыны Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі деп те айтуға болады.

Сонымен қатар 2014 жылы іске қосылған «Төрелік» ақпараттық жүйесі жетілдірілді. Электрондық құжаттар нұсқасында атқару парақтарын орындауға жолдау және сот орындаушыларының қаулыларын соттардың электронды түрде санкциялау жолға қойылды.

Бұл жүйе ақпараттық деректермен алмасуға жедел қолжетімділікті, автоматтандырылған есеп пен процессуалдық мерзімдердің сақталуына бақылау жасауды, статистикалық және талдамалық есептерді қалыптастыруды, іс қағаздарын жүргізу мен сот ісін жүргізуді жеңілдетуді оңды шешуге ықпалын тигізді.

Ж-М.Вебер,

Сырым аудандық сотының кеңсе меңгерушісі