25.05.2017, 11:45
Қараулар: 252
Судьялар съезінің сот жүйесінің дамуына тигізер үлесі зор

Судьялар съезінің сот жүйесінің дамуына тигізер үлесі зор

Кезектен тыс Судьялар съезінің сот жүйесінің дамуына тигізер үлесі зор. Судьялар съезі сот жүйесінің дамуына септігін тигізеді. Судьялар қауымдастығы съезден съезге дейін атқарылатын жұмыстарының мақсат-мүддесін айқындап беретін алқалы жиындарда судьялар арасындағы парасаттылық пен әділеттілік, моральдық тазалық, кәсіби біліктілікті арттыруға ерекше назар аударады. Қазақстан Республикасы Судьяларының әр съезінде қабылданған шешімдері кезең-кезеңмен орындалып келеді.

Бұл шаралардың барлығының ортақ мақсаты – еліміздің азаматтарының сапалы да әділетті сотпен қорғану құқығын қамтамасыз еткізу.

Қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен билер алқасы туралы. Егемен ел болғаны қазақ халқының табиғатынан туындайтын талай тағылымды тұстарды ауызға алып, қайта жаңғыртып, ұлттық үрдіске лайықтап кесіп-пішіп жатқанымыз белгілі.

Қазақ еліндегі билер институтындағы ұлы тұлғалар туралы сөз еткенде қазақ жерінің тұтастығына өлшеусіз үлес қосқан халқымыздың үш данасы, ұлтжанды үш кемеңгер Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке билердің қазақ сахарасының 7 салада, 7 бағыт-бағдарда, 7 бапты жарғысын саралағанын айтпасқа болмайды Олар қоғамның дамуында сөзді құралына айналдыра білген. Сонысымен қоғамды дамытушы, жетектеуші құралға, ілгері апарушы құралға айналдырған. Халқымыздың ата-дәстүрін, саяси мәдениетін, дала заңын, шежіре тарихын жетік білетін, шешендік өнерін игерген еліміздің атақты билері халық санасын қалыптастыруға үлес қосқан кемеңгер замана идеологтарына айналады. Сондықтан да, халық ішінде «тұтас хандыққа Есім хан жеткен, тұтас билікке Төле би жеткен» деген сөз бар.

Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы 2016 жылдың маусымында Судьялар Одағының кезектен тыс VII съезін шақыру туралы қаулы қабылдауының бірден-бір себебі, судьялардың кәсіби және моральдық бейнесіне деген қоғам талабының артуымен, сондай-ақ Судьялар әдебінің жаңа кодексін қабылдау қажеттігімен байланысты. Бұл бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының №19 қадам іс жүзінде орындау болып табылады.

Г.Кулмуханов,

Сырым аудандық сотының төрағасы