25.05.2017, 11:39
Қараулар: 265
Алимент төлеуден жалтармайық!

Алимент төлеуден жалтармайық!

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен мемлекеттік органдармен бірігіп, «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы әзірленді.

Жобаның мақсаты – балалардың пайдасына алименттерді өндірудің тиімді жүйесін құру, борышкерлермен жұмыстану және сот шешімдерінің орындалуын жақсарту, сот орындаушыларының жұмыстарына бақылау жүргізуді күшейту, борышкерлерді іздестіру, алимент төлеушілер жұмыс жасайтын кәсіпорындар бухгалтериясымен жұмыс жасауды жандандыру, осы бағыттағы арыз-өтініштердің санын азайту болып табылады.  

Аталған жобаны іске асыру шаралары барысында алимент төлемегені үшін 3 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды (2-әкімшілік қамау, 1-әкімшілік айыппұл). Алименттерін төлемеген борышкерлерден жалпы 900000 теңгеге жуық алимент өндірілді. 2 борышкер жұмыссыздар есебіне алынуда. 3 борышкер жұмыс жасайтыны анықталып, жұмыс орнына жалақы және басқа табысынан өндіру туралы аумақтық мемлекеттік сот орындаушысының қаулысы жолданды. 11 борышкерге қатысты ел аумағынан шықпауға шектеу қойылды. 3 борышкерге қатысты іздеу жарияланды.

Дегенмен, алимент төлеушілердің жалпы берешегі 6 835 450 теңгені құрап отыр.

Қазіргі таңда, БҚО Әділет департаментінің Сырым аудандық сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімінде алимент өндіру туралы 35 атқару құжаты, 39 балаға қатысты орындауда тұр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 139 бабына сәйкес ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669 бабына сәйкес сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін қамаққа алуға, әкімшілік жауаптылық көзделген.

Осыған орай, алимент қарыздарын ерікті төлеу ол әрбір ата-ананың кәмелет жасқа толмаған балаларының алдындағы міндеті екенін ұмытпау қажет.

Б.Нарматов,

Сырым ауданы

прокуратурасының аға прокуроры

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар