25.05.2017, 11:36
Қараулар: 353
Қоғамдық орында “ішіп” көрінбе

Қоғамдық орында “ішіп” көрінбе

Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440 бабына сәйкес алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

  1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер — он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер -бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Аудан аумағында қоғамдық орындарда азаматтармен алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келуі фактілері жиі кездеседі.

Мысалға, 2017 жылдың өткен мерзімінде Сырым аудандық сотының қаулысымен 26 құқық бұзушы қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет жаза қолданылғаннан кейін жүргені үшін әкімшілік қамауға алынған.

Сырым аудандық сотының 26.04.2017 жылғы қаулысымен аз. «Р» 23.04.2017 жылы сағат 12-00 шамасында Жымпиты ауылы, Абай көшесінің бойында алкогольдік ішімдік ішкен күйінде адамның қадір қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей масаң күйінде жүріп, бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Осыған байланысты, аудан тұрғындарын қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауаптылық көзделгенін ескертіп, аудан аумағындағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» көрсетуге шақырамыз.

Б.Нарматов,

Сырым ауданы

прокуратурасының аға прокуроры

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар