11.05.2017, 10:50
Қараулар: 298
Ұрпақтар шеруі

Ұрпақтар шеруі

04.11.05.17Жеңіс мерекесі күні Сырым ауданының орталығы Жымпитыда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 72 жылдығының құрметіне «Қаһарман ұлт – Бессмертный полк!» атты ұрпақтар шеруі өтті. Ардагерлердің ұрпақтары батырлардың суретін Қазақстан көшесінің бойымен алып жүрді. Шерушілер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жеңіс алаңындағы салтанатты жиын да аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан тұрғындарын Жеңіс мерекесімен құттықтады.

– Ұлы Жеңіс – әскери күштің жеңісі ғана емес, ол еңбектің, ол бірліктің жеңісі! – деп атап өтті ауданның әкімі.

Түске жақын аудандық мәдениет үйінің салтанат залында мерекелік концерт басталды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар