11.05.2017, 10:48
Қараулар: 213
Сыбайлас жемқорлықпен күресте жаңашылдық қажет

Сыбайлас жемқорлықпен күресте жаңашылдық қажет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің мемлекеттік саясатының ең басты басымдықтарының бірі болып табылады.

 Баршаңызға белгілі, мемлекетіміздің Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған міндеттер қоғам, билік, мемлекеттік органдар алдында үнемі қойылып отыр.

Елімізде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Басты мақсат – мемлекеттің осы зұлым құбылыспен күресте тиімділікті арттырып, бұл қозғалысқа барлық қоғамды сыбайлас жемқорлықтың кез келген белгілеріне мүлдем төзбеушілік жағдайын туғызу.

Қазіргі кезде облысымызда жүргізіліп жатырған «Таза қол» жобасы аясында сыбайлас жемқорлықпен қылмыстық заңнаманың қолданылуы шеңберіндегі күресте жаңа құрал ретінде құқық қорғау органдарымен күдікті адамдарды жауаптау барысында цифрлік бейнебақылауды қолдану әдісі қарастырылуда екендігін баршаңыздың қатеріңізге береміз.

 Сырым ауданының прокуратурасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар