11.05.2017, 10:44
Қараулар: 283
Заңның сақталуы – еңбек дауларын шешудің кепілі

Заңның сақталуы – еңбек дауларын шешудің кепілі

Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары қатаң түрде еңбек заңнамасымен реттелуі тиіс. Еңбек заңдылығының сақталуы еңбек шартымен кепілденген.

Ал күнделікті өмірдегі орын алып жататын еңбек даулары мен олардан туындайтын әлеуметтік жанжалдар еңбек заңының нормаларымен еңбек шартына сүйене отырып шешілуі қажет.

Қазіргі таңда еңбек даулары мен әлеуметтік жанжалдар жұмыс беруші мен қызметкердің қолданыстағы заңнама мен шарт міндтеттемелерінің талаптарын орындамаудан туындап отыр.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 86-бабымен жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі орын алған жағдайда лауазымды адамдарға – 30, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделінген.

Сол себепті, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасымен жүзеге асырылып жатырған «Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру» жобасы аясында ауданымыздың барлық жұмыс берушілерінен, оның ішінде шаруа қожалықтары жетекшілерінен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарын жіті сақтап, орындалуын қамтамасыз ету талап етіледі.

Сырым ауданының прокуратурасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар