11.05.2017, 10:34
Қараулар: 319
 » 
Айлардың сұлтаны Рамазан айы келеді

Айлардың сұлтаны Рамазан айы келеді

«Ислам- дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз»

                                                                 Н.Ә.Назарбаев.

Әрбір ұлт пен халықтың жүріп өткен сара жолы мен ұзақ – сонар тарихы болады. Содан әр ел-халық өмірлік сабақ алып, келешегін жоспарлайды. Тарихы терең, тамырын кең жайған қазақ халқының іргелі ел, жоралы жұрт қалпын, дінін сақтап қалған – оның еркіндікке ұмтылған ерік-жігерінің, асқақ-рухының, отансүйгіш иманы мен ибалығының арқасы.Біз дін мен дәстүрді даналықпен үйлестіріп, өнегелі өмір сүрген халықпыз. Бұл – бабаларымыздан келе жатқан дара жол. Қазақтың салт-дәстүрлері Исламның асыл құндылықтарымен біте қайнасып кеткен.

Ислам – халқымыздың жүрер жолы, бағыт-бағдары, қорғаны, бейбітшілік-тірегі, зиялық, имандылық, шапағат, қайырым, мейірім діні. Әрбір ұлт өз мәдениетімен, салт-дәстүрімен өмір сүру, ұлттық ерекшелікті сақтаудың негізгі факторы екенін көрсетті.

Әрбір халықтың қуаты оның рухани байлығына байланысты. Ұлттық рухымыздың күшейіп, тәуелсіздігіміздің баянды болу үшін тілі, дәстүрі, тарихы мен қатар дініміздің мықты болуы керек бір сөзбен айтқанда бұл рухани байлығымыз. Рухани жетілу сатысына көтерілгендердің имандылығы толық болғандықтан, олардың барлық ой-өрісі, сөйлеген сөзі, жасаған іс-әрекеті түгелдей Құранды қанағаттандыруға бағытталды. Алла тағала пендесін жаратқанда жүрегіне мықты іргетас болу үшін иманды қоса берді, тек оның мөлшерін адамзаттың өз еркіне қалдырған.Иманы толық адам адамның мейірімі мұхиттан терең, шыңнан биік келеді. Еліміз егемендігін алып, дініміз бен дәстүрірмен қайта қуаныштық ширек ғасыр тәуелсіздігіміздің және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рухани саладағы салиқалы саясаттың жемісі мен дәстүрі діннен бастау алатын әр уақытта қолдап көрсетіп келеді. Ислам діні – біздің өмір салтымыз, мәдениетіміздің тамыры терең, тарихын кең жайған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Тегіміз – түрік, дініміз – Ислам» екенін ешқашан ұмытпаймыз. Тәуелсіздік алған жылдан бері Елбасымыз киелі дінімізге жан-жақты қамқорлықты жасап келеді. Ислам – адамды өркениетке бастайтын дін десек қателеспеспін, себебі ғылыми тұрғыдан дәлелденген, білімде орныққан. Ислам діні ізгілік пен жақсылыққа Алланың ақжолына бастайды. Бас кітабымыз – қасиетті Құранды оқып хазіреті пайғамбарымыз, Мұхаммед(с.а.у.) сүннетін мүлтіксіз орындап жүрген көкірегі ояу, көзі ашық, зиялы жандар біледі. Ислам сөзі – амандық, есендік, мойынсұну, бағыну, берілу ұғымын білдіреді. Яғни Ислам-амандық пен бейбітшілік діні деген сөз.Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқаны үшін ұлы Жаратушының соңғы пайғамбарын жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберген екен. Құранда бұл туралы «Біз сені әлемге тек рақым етіп қана жібердік» деуі соған дәлел. Сол себепті рухани байлығымыз бен мұрамызда да осы тұрғыдан зерделеу қажет деп есептеймін. Олай болса Исламның інжу-маржаны осы құндылықтарын ардақтап сақтау, оны игеру, қорғау, ілгері дамыту, халықтың дүние танымы мен салт-дәстүрін, көзінің ағымен қарасындай сақтау – бүгінгі ұрпақтардың үлкен міндеті. Мен жастарға басты кітап деп Абай мен Шәкәрім еңбектерін оқуға кеңес беремін. «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім» деп хакім Абай бекер айтпаған.

Хакім Абайдың рухани мұрасының адамдарды, әсіресе жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, саналыққа, яғни салауатты өмір сүруге тәрбиелеудегі өз орны бар. Қазақтың кемеңгері Абай Құнанбаев ақын ғана емес, ол Исламды терең түсінген теолог десек артық айтқан болмас. Абайдың мұхиттан терең таланты күн өткен сайын биіктеп, шарықтап ақындар үшін-арманға, ойшылдар үшін маржанға айналды. Оның әрбір сөзі жібекке тізілген меруерттей мөлдіреп, көз жауын алса, салмақтыда салиқалы ойлары жаныңды тербеп, жігеріңді жандандырып қиялыңды қырға, көңіліңді биікке көтерері сөзсіз. Алла тағалаға сену имандылықтың тірегі екенін белгілі, Абай ілімі бойынша имандылық дегеніміз бір Жаратушы бар екенін иланып, оның заңдылықтарын мойындап, өмірді сол заңдылықтармен үйлестіру. Жаратушының бар екенін Абай өзінің

«Алланың Өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан,

Алланы танытуға сөз айырмас» деген атақты лирикалық өлеңінде, адамзат дүниетанымындағы шешуші мәселе-жаратушы ие мен оның сөзі Құран және Пайғамбардың жолындамыз деген ұстанымын көзқарасын ашық жазды.Жаратушы иенің мәңгілігін оның адам, баласына түсірілген кітаптары,соның ішінде төрт кітіп (Забур, Тәурат, Інжіл, Құран) уахи еткенін, бәрінің де Аллаһтың бірегейлігін танытуға шақырғанын, адамзат күнде өзгергенімен Аллаһтың өзгермейтінін. Абайдың Ислам діні жайлы білім, парасатты, әсіресе, қара сөздерінде анық көруге болады. Мысалы: Абайдың он жетінші сөзінде, Қайрат, ақыл және жүрек үшеуінің айтысын төрелік жасауды ғылымға жүгіндіре отырып ғылымның төрелік етуі Ислам ғұламасына тән жайт. Ал 35,36,38 және басқада қара сөздерінде де Ислам жақсы баяндалған.

Рамазан айында ораза ұстау – Исламның бес парызының біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ Тағала былай деген «Ей иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етіледі» (Бақара сүресі 2\185 аят). Ораза адамдарды сабырлыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа, имандылыққа үйретеді.   Осылайша жарлыларға қол ұшын беру, көмек көрсету мейірімділік сезімді оятады. Ораза ұстауға ниет білдірген адам бір Алланың ризалығын ойлап қана ұстау керек. Сондай-ақ кімде кім оразаның сауабын шын көңілмен сезініп, ешқандай күмәнға жол берместен ұстаса, шексіз сауапқа қалатынын әрі өткен күнәларының да кешірілуіне себеп болары сөсіз. Бұған байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді. «Кімде кім рамазанның артықшылығына шын көңілден сеніп, ықыласпен ораза ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бухари.Саум.Муслим) Сол сияқты ораза ұстаған кісінің өткен күнәлары кешірілгендей әр денсаулығы да мықты болатындығы мына хадисте баян етіледі. «Ораза ұстаңыздар, денсаулықтарыңыз жақсы болады» (Кәшфум Хафа)

Жаздың жайма-шуақ алғашқы айынан бастаған қасиетті Рамазанда мол сауап жинаңыз құрметті жамағат! Айлардың сұлтаны – Рамазан адамзат баласының жүрегін жылытып, иманын күшейтуге, жан-дүниесін тазартуға мүмкіндік беретін ғажайып ай. Адамзат баласының мерейі шалқитын мәртебелі айда маңызы бар, соңында айта жүрер сауабы мол игі істерге ұмтылайық ағайын.Сондықтан мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жүрегіміз жібіп, бойымызға иман ұялатайық.

Тәуелсіз дамудың ширек ғасырында,халқымыздың ұлттық тұтастығы және мемлекетіміздің бірлігі негізінде орнығып отырған рухани-мәдени үрдістер болашақ ұрпақ тәрбиесінде Ислам дінін насихаттап қолдап отырайық.

Жаратқан ием, өзіме атқара алатын,қолымнан келетін іс бер, қолымнан келетін іс пен қолымнан келмейтін істі ажырата алатын ақыл бер, қолымнан келмейтін істен бас тарта алатын ерік-жігер қуат бер деген қанатты сөзді есте ұстаған жөн.

Қорыта айтқанда «Дін-біздің рухани тұлғамызды,кескініміздің, таным–сенімімізді, ар –ұжданымызды, ұятымызды, ақ пен қараны, халал мен харамды, хақ пен нахақты айқындайтын, түсіндіретін жүйе.»

Елді бірлікке, ынтымақ пен тыныштыққа шақыратын қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір жақсылықтың сауабы Алладан қайтсын.

Ұстаған оразамыз қабыл болсын.

А.Батыршин,

Жымпиты ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы