11.05.2017, 10:32
Қараулар: 277
«КӨШЕТ» үш айлық акциясы

«КӨШЕТ» үш айлық акциясы

Ауданымызда «КӨШЕТ» үш айлық акциясын сәуір, мамыр, маусым айлары аралығында жүргізу жұмыстары жоспарланып, аудан әкімінің орынбасарымен бекітілді.

Маусымдық кезеңнің басталуына байланысты аудан аумағына әкелетін заңды және жеке тұлғалардың сауда-саттықты жүзеге асыратын орындарында тұқымдық материал­дар мен отырғызу материалдарын карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлерімен залалдануы, сондай-ақ отырғызу материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Бекітілген жоспарға сәйкес Сырым ауданы тұрғындарына айтарымыз тұқымдық және отырғызылатын көшеттік материалдарды сатып алған кезде міндетті түрде карантиндік зиянкестерден таза екенің дәлелдейтін фитосанитарлық және карантиндік сертификаттарды және фитосанитариялық (бақылау) актілерін талап етуіңіз қажет. Карантиндік нысандарды ауданымызға енуіне жол бермейік

Карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауға уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар және фитосанитариялық (бақылау) актілері болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. АӨК МИК «РФДжБӘО» мемлекеттік мекемесі карантинге жатқызылатын тұқымдық өнімдерді   және көшеттік материалдарды егетін бақша дақылдарының алқаптарын бақылап, анықтап мониторинг жұмыстарын жүргізеді.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сырым аудандық аумақтық инспекциясының сенім телефоны 31-248 нөмеріне хабарласуға болады.

А.Утепов,

ҚР АШМ АӨК МИК

Сырым аудандық аумақтық

инспекция басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар