4.05.2017, 11:17
Қараулар: 392
Кәсіпкерлер үлкен көмек жасады

Кәсіпкерлер үлкен көмек жасады

01.04.05.17Жетікөл ауылының топырағынан туып өскен Атыраулық қос азамат Бекен Күсесов пен Тұралы Үдіреевтер туған жерлерін жадынан шығармайтын мәрт жігіттер екен. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасына нақты жауап сияқты қолдау көрсетіп, өзгелерге үлгі, өнеге боларлық іс көрсетті.

 Туған жерге жиі отбасын тіреп жүретін екеуі ауыл тұрғыны, буын ауруынан жүріп тұруым қиын ІІ топтағы мүгедек жан мені қолдағаны ерекше қуантып отыр. Отағасы жұмыссыз, іргеде тұрған газды үйге кіргізе алмай отыр едік. Аздаған жәрдемақы, дәрі-дәрмегім мен ас-ауқаттан аспайтын. Ауылға келгеніне екі жыл болған көгілдір отынның қызығын көре алмай отырған бізді екеуі ортақ бес жүз мың теңге қаржы шығарып, үйдің жылу жүйесіне газды қосуға кететін көлемді шығынды да мойнына алып, әзір жылуға ие болатын жағдайды жасап берді.

Ізгі іс жасай алған кәсіпкер азаматтарға айтар алғысым шексіз, кәсіптерінің игіліктерін көрсін, осындай қайырымды, жүрегі жомарт, қолы ашық жандар көп болсын!

Айман Қарабасова,

ІІ-топтағы мүгедек ана,

«Қосарал» ауылы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар