4.05.2017, 10:48
Қараулар: 338
Аналарға алқа тақты

Аналарға алқа тақты

03.04.05.17Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков «Күміс алқа» иегерлерін қабылдады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 наурыздағы №451 Жарлығына сәйкес алты бала туып, тәрбиелеп отырған Маралдым Сапиева мен Жансая Хасановаға «Күміс алқа» алқасын табыстады.

—        «Ұрпақ тәрбиесінде ананың ролі ерекше. Бүгінгі ұрпақ — ұлт ертеңі. Көп балалы ана атану — үлкен абырой, үлкен дәреже. Әрдайым мерейлеріңіз үстем бола берсін, — дей келе Абат Шыныбеков халық санын арттыра түсуде үлес қосқан көп балалы аналардың отбасына амандық тіледі.

Үміт Жәңгірова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар