4.05.2017, 10:46
Қараулар: 430
ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС!

ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС!

9 мамыр санамызға жеңілуді білмейтін елдің жырға айналған мерекесі ретінде, Отаны үшін жанын қиған батырларға құрмет көрсетіп, ерліктерін ұлықтайтын күн болып сіңген.

 Отанын қорғап, қан майданда қасық қаны қалғанша жаумен ай¬қасқан кешегі жауынгерлердің ерлігі ерен. Бүгінде ұрпаққа ұлағатты тәрбие, өшпес ерлік үлгісін көрсетіп келе жатқан майдангерлер де азайып бара жатыр. Иығына қару асынып, кең даланың абыройын әсте төмендетпеуді мақсат тұтқан қарт жауынгерлердің қадірі қашанда биік. Сонау сұрапыл соғыс жылдарының салған іздері қазіргі күні тарихтың ақтаңдақ беттерінен ойып орын алды. Ізгілік ізін жалғастыру үшін келешек ұрпаққа аманат еткен ұлы қасиет қазақтың қанына сіңген десек, қате айтқандық емес. Ұлы дала төскейінде жүріп Отан қорғаған майдангерлер ерлігінің арқасында жеңіске жеттік. Сол жеңіс тұғырының көтерілгеніне биыл 72 жыл толып отыр.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал.

Ұлы Отан соғысы, сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлермен олардың ұрпақтары тойлайды.

Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш — әрине, “бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды.

Осы ретте қазақ даласының баурайын батырлығы және батылдығымен қорғаған майдангерлерге мереке құтты болсын демекпіз. Алдағы уақытта да ел қорғаны бола білген арда азаматтарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт тілейміз.

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

Сіздердің ерліктеріңіз біздің мәңгі есімізде сақталады.

Сіздерді көктемнің шуақты күнінде келіп отырған Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға бақытты да баянды тірлік және елімізге тыныштық пен құт-береке тілеймін!

М.Сарсенгалиев,

Сырым ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар