4.05.2017, 10:43
Қараулар: 395
Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым

Көздіғара елді мекенінде «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала қазынасы» жобасы аясында Сырым аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК «Жылжымалы мәдени бірлестік бөлімінің» ұйымдастыруымен «Туған жерім, өнеріме нәр берген» атты концерттік бағдарлама өтті.

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала қазынасы» жобасы аясында Көздіғара елді мекенінен түлеп ұшқан дарынды, біртуар азаматтар Мерген Мұқанов, Армат Алдамжаров, Бекей Қанатов, Әділхан Қадыров, Артур Сисенов сынды өнер иелерінің қатысуымен Көдіғарада әдемі кеш ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға өнердегі достары М.Мамықов, А.Көлбаев, Г.Упағалиева, Б.Жұмағалиева, А.Какимовтар қатысты. Шара соңында Көздіғара орта мектебіне түлектердің атынан естелік сыйлық тапсырылды.

Үміт Жәңгірова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар