4.05.2017, 10:34
Қараулар: 239
Аудан басшысы саз мектебінде болды

Аудан басшысы саз мектебінде болды

05.04.05.17Серік Сарғозиев басшылық ететін саз мектебінде 144 оқушы 7 аспап бойынша білім алады. Бұл мектептің оқушылары кейінгі кездері республикалық, тіпті халықаралық байқауларда биік нәтиже көрсетіп жүр. Сөзімізге дәлел қылып айтайық, осы мектептің 12 оқушысы Астана қаласында өткен «ШАШУ» халықаралық өнер фестивалінен лауреат болып оралды. Мектептің материалдық базасына мін айту қиын. Ал мамандар жетіспеушілігі мәселесі жоқ емес. Саз мектебіне балаларды қобыз аспабына баулитын жақсы маман керек.

Аудан басшысы мектеп жұмысымен танысқаннан кейін жас өнерпаздардың концертін тамашалады. Шараның соңында оқушылардың ата – аналары мектеп ұстаздарына ризашылықтарын білдірді. Саз мектебінің ұжымының атынан сөйлеген кәсіподақ ұйымының төрағасы Мизам Нұрпейісов аудан әкімі Абат Шыныбековке өнерлі балаларды қолдаудағы үлесі үшін алғыс айтты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы