1.04.2017, 11:08
Қараулар: 412
Наурыз той, наурыз Думан

Наурыз той, наурыз Думан

08.01.04.17Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі Жымпитының орталығында үлкен ықыласпен тойланды. Жиналған жұртты Наурыз мерекесімен Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

Өзіміздің ауданның әншілері мен әртістері қатысқан «Қош келдің, әз Наурыз!» атты көпбөлікті мерекелік бағдарлама тойшылап келген елге жақсы мәдени демалыс сыйлаған сыңайлы. Осы сияқты Қадыр алаңында тігілген киіз үйлер де шараға ерекше көрініс берді. Түскен жақын сол үйлердің барлығында ауылдың қарттары үшін қонақасы берілді.

Орта жастағы азаматтар бар, жастар бар, тіпті балалар жағы да «Қайсар» спорт клубы ұйымдастырған ұлттық спорттық ойындарға белсене қатысты. Басқа басқа, аудандық мәслихаттың депутаты Бақытжан Хамидуллиннің демеушілігімен ауданда тұңғыш рет әйелдер арасында қол күресінен жарыс өтті.

Белгілі балуан, замандасымыз Темірлан Ғаббасов кешегі Наурыз мерекесінде өзінің «мансабындағы» он бесінші қойын ұтты. Қой көтеру жарысына қатысқан Темірлан екі минуттың ішінде 35 келілік қойды 68 мәрте көтерді. Сөйтіп үздік нәтиже көрсеткені үшін көтерген қойын үйіне алып кетті.

Осындай Наурыз тойы келесі күні аудан орталығының іргесіндегі Өлеңті ауылында өтті.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар