1.04.2017, 11:03
Қараулар: 291
Жемқорлыққа орын жоқ!

Жемқорлыққа орын жоқ!

Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын бұзуға әкеліп соғады. Көптеген жылдар бойы жүргізілген әлеуметтік зерттеу азаматтардың басым бөлігін ойландыратын көкейкесті мәселелер арасында бірінші орынға сыбайлас жемқорлық жайы шығатындығын дәлелдеп отыр. Осы құбылыстың мемлекеттік билік құрылымдары арасында да тез тарау ерекшелігі бар.

 Еліміз егемендігін алғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кешенді түрде жүргізіліп келеді.

Десекте, қарыштаған қадамымызға тұсау болып жатқан жайттар да аз емес.

Сыбайлас жемқорлық — тамыры талай теперішті қамтитын, қауіпті дерт болғандықтан қоғамның демократиялық негіздеріне нұқсан келтіретіні мен заң мен әділетті ұстанымға сенімсіздік тудыратыны тың құбылыс емес.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде «Әрбір басшы өз мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі жағдайына жеке жауапкершілікпен қарауы тиіс» деген еді. Сонымен бірге мемлекеттік қаржыны мақсатты игеру, тиімді пайдалану мен барынша үнемдеу керектігі жиі айтылып жүр.

Осы орайда әрбір мемлекеттік қызметкер өздеріне жүктелген функционалдық міндеттемелерін қалтқысыз атқарулары, еңбек тәртіптерін сақталуы қадағалануы қажет. Сонымен қатар еліміздің әр азаматы ар мен заң алдында өздерін лайықты ұстаса, біз қоғам кеселінің бетін қайтарарымыз анық.

Олай болса жемқорлықтың жолын бөгеу үшін алғашқы қадамды алдымен өзімізден басталық!

 М.Мырзахметов,

Салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар