1.04.2017, 10:56
Қараулар: 330
Ардагерлерге құрмет

Ардагерлерге құрмет

???????????????????????????????«Мейірімді көктем» акциясы аясында Ұлыстың Ұлы күніне орай аудандық орталық аурухананың терапия, перзентхана, мейірбике күтімі бөлімдері ардагерлерін шақырып, дастарханнан дәм татқызды.

Аудандық аурухана басшысының орынбасары Роза Тахамбетова сөз сөйлеп, құттықтап, ардагерлерге сый-сияпат ұсынды.

*     *     *

Аудандық аурухананың балалар бөлімінде Наурыз мерекесіне орай директордың орынбасары Р.Тахамбетова мен балалар бөлімі дәрігері М.Сарғозиеваның ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Мерекеге медбикелер мен кіші буын қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Емделуші балалар тамаша өнер көрсетіп, салт-дәстүрден көрініс көрсетілді. Төлегенова Айназ есімді кішкентай қызымыздың анасының қолқа салуымен дәрігер М.Сарғозиева Айназдың тұсауын кесті. Мереке соңында баларға шағын сыйлықтар таратылды.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар