1.04.2017, 10:47
Қараулар: 323
 » 
Руханият ел құндылығы

Руханият ел құндылығы

Адамдарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты — руханият. Керек десеңіз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық құлдыраудан да алып шығады. Руханият — адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, сана-сының жоғарылығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі.

 Адамның руханилығы жалпы-адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, дәстүрлі дін, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Рухани қоры мол адам күнделікті қызмет соңында тіршілік күйбеңімен жүрген адамдардан өзгешеленіп тұрады. Рухани байлыққа ұмтылатын адам күнделікті өмірде ұшырасатын небір кесапаттарды жеңіп отырады, қоғаммен және табиғатпен үндес өмір сүреді. Жеке адамның рухани дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен ұштасып жатады. Қоғамның қалыпты рухани дамуы әлеуметтік құрылымға, әр түрлі топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер енгізеді. Әр адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.   Дәстүрлі дініміз — қазақ халқын мұсылмандық мәдениетке жақындастырып, ғылым-білімнің, әдебиеттің дамуына да оң әсер етті. Исламның адамды жақсы істерге, ой тазалығына, қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеуі — халық арасында бұл дін уағыздарының кең таралуына жағдай жасады.

Ислам діні — қазақ халқын мұсылмандық мәдениетке жақындастырып, ғылым-білімнің, әдебиеттің дамуына да оң әсер етті. Исламның адамды жақсы істерге, ой тазалығына, қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеуі — қалың бұқара арасында бұл дін уағыздарының кең таралуына жағдай жасады. Рухани құндылығымызды дамыту үшін Қазақтың ұлттық дәстүрлері мен салт жоралғыларын дәстүрлі дінімізбен ұштастырып ұрпақ санасына сіңіруді жалғастыруымыз қажет. Ұлттық мейрамдар, діни мейрамдар арқылы адам санасына әсер ететін маңызы бар рухани байыта алатын көлемді түрде бағдарламалар ұйымдастырып, елімізді бірлікке татулыққа тәрбиелей беру халқымыз үшін өте ұтымды болар еді.

 Б.Темірханова,

Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі