1.04.2017, 10:38
Қараулар: 393
Жаңа жанар май бекеті

Жаңа жанар май бекеті

???????????????????????????????Аудан орталығы Жымпитыда Самара-Шымкент халықаралық маңызы бар тас жолының бойында «Нефтэк» жанармай құю бекеті ашылды. Бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, жанармай құю бекетінің қауіпсіздік қызметінің басшысы Дүкенбай Күлжанов, бас менеджер Азамат Казимов қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов «Нефтэк» жанар май құю бекеті облыста үшінші болып біздің ауданда ашылып отырғанын айтты. Бекеттің қауіпсіздік қызметінің басшысы Д.Күлжанов «Нефтэк» сапалы қызмет көрсетуімен ерекшеленетін жанармай құю бекеті екенін атап өтті.

«Нефтэк» жанармай құю бекеті атынан он адамға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Бас менеджер А.Казимов бекетке алғашқы болып келушілер қатарындағы кішкентай бүлдіршіннің қалтасын, қос қолын тәттіге толтырды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар