1.04.2017, 10:36
Қараулар: 353
Әскерден жалтарғанға – жаза!

Әскерден жалтарғанға – жаза!

Елбасымыз, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев еліміздің қорғаныс әлеуетін күшейтуге басты назар аударды. Қорғаныс саласына қатысты заңнамаларға енгізіліп жатырған жаңашылдықтың барлығы төл әскеріміздің қуатын арттыру, айбыны мықты армия құру жолындағы бастама екендігін әрбір қазақстандық түсінуі тиіс. ҚР Қылмыстық кодексіне өткен жылдың басынан бастап әскерге шақырылушыларға қатысты арнайы бапқа бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Нақтырақ айтсақ, әскерден әртүрлі әлеуметтік немесе жеке басының мәселесі бойынша жалтарғандарға жаза қатаң.

ҚР «Әкімшілік құқық бузышылық» кодексінің 647-бабында әскери міндетті атқармаған азаматтарға жауапкершілік енгізілген. Жергілікті әскери басқару органдарында есепке алу қағидаларын бұзғандар, яғни, әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде, осы қызметке шақырудан жалтарғандығы үшін 1(бір) мың айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерінде айыппұл салынады (бұл 2 млн. теңге көлемінде) немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылып, 1 (бір) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығына шектеу, иә болмаса, сол мерзімге бас бостандығынан айыру бойынша жазаланады.

Сонымен қатар, жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған әрекеттер 3 (үш) мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады           (бұл 6 млн. теңге көлемінде) немесе 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Әскерге шақырылушы тергеу органы істі сотқа бергенге дейін әскерге шақыру пунктіне өз еркімен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

М.СӘРСЕНҒАЛИЕВ,

Сырым аудандық қорғаныс

істері жөніндегі бөлім

бастығы, подполковник

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар