14.03.2017, 18:22
Қараулар: 325
Аналарға құрмет

Аналарға құрмет

02.14.03.17Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков ауданның құрметті әйел аналары мен қоғамдық өміріндегі белсенді азаматшаларды салтанатты түрде қабылдады. Олардың ішінде «Алтын алқа» иегері, жасы 90 – ға келген Халима Мұхамбетжанова да бар.

—        Қазақ халқы әйел затын отбасының жылуын сақтаушы деп құрметтейді. Олар жанұяның жылуын сақтайды, түтінін түтетеді. Бала тәрбиесімен де солар айналысады. Әйелдер – қоғамды қалыптастырушылар. Біз Сіздердің осы еңбектеріңізді бағалаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын! – деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде.

Салтанатты қабылдауға келген аналар өздерінің жүрекжарды тілектерін ағыла айтты. Олар ұрпақты бүгінгі бейбіт тірлікті бағалауға, отбасылық бақытты сақтауға шақыруда.

Аудан әкімі Абат Шыныбеков қабылдауға келген әйел – азаматшаның барлығына мерекелік құттықтау хаты мен естелік сыйлығын тапсырды.

Осы күні аудандық мәдениет үйінде “Армысың, ару, нұр көктем!” атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік құттықтауын жолдаған аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданның қоғамдық саяси өміріндегі еңбектері үшін бірқатар әйел-азаматшаларға салтанатты марапаттар табыс етті.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар