14.03.2017, 18:19
Қараулар: 237
Сессия өтті

Сессия өтті

08.14.03.17Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясы болып өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, ауылдық округтің әкімдері, мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев хабарлама жасады.

Сондай-ақ аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №236 «Сырым ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов хабарлама жасаса, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева кейбір шешімдердің күші жойылуы және толықтырылуы туралы хабарламалар жасады. Сессия жұмысын аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов қорытындылады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар