14.03.2017, 17:57
Қараулар: 433
Айлық әсерлі өтті

Айлық әсерлі өтті

04.14.03.171 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні атап өтіледі. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.

Атаулы күніне орай ЖББ Талдыбұлақ орта мектеп — балабақша кешенінде айлық жоспарланып, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сынып сағаттары, оқушылар құрамымен Табиғи апаттар мен Техногенді авариялар кезіндегі іс – әрекет негіздері бойынша сабақтар жүргізілді. Зілзала (жер сілкінісі) кезіндегі іс- әрекет негіздері (бейнефильмдер) көрсетіліп, оқушылар толық ақпарат алды. Айлықтың алғашқы күні «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы азамат болу керек» ұстанымымен, ойлы, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді мақсат еткен «Ал, кәнекей, жігіттер!» атты әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылды. 8-9-сыныптардан құралған екі команда «Саптық ән», «Кір тасын көтеру (16 кг)», « Қорғаныш плашын, газтұмылдырықты кию», « Арқанға өрмелеу, кермеде тартылу», « Өз өнерін көрсету. (Әскери өмірден көрініс)» т.б сайыс кезеңдерінде сыналды. Сайыс барысында жас ұландардың белсенділігі, жеңіске деген құштарлық, жігерлілігі айқын сезіліп, көз қуанытты.

Мектеп оқушылары және ұстаздар, қызметкерлерінің қатысуымен «Дабыл! Дабыл!» ғимараттан жедел шығу оқу-жаттығуын өткізіп, жоғары сынып оқушыларына арнайы тұтатылған отты өрт сөндіргіш құралымен сөндіру жаттығулары көрсетілді.

 Ә.Абдрахманов,

ЖББ Талдыбұлақ орта мектеп – балабақша кешенінің АӘД жетекшісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар