19.01.2017, 12:46
Қараулар: 274
 » 
Жаңа мүмкіндіктер пайдаланылуда

Жаңа мүмкіндіктер пайдаланылуда

Аудан әкімі Абат Шыныбеков Жырақұдық ауылындағы есептік жиналысқа қатысты. Жиналысқа келген жұрттың алдында Қособа ауылдық округінің әкімі Жұмабай Сатаев жылдық жұмысы жөніндегі есебін берді.

Өткен жыл Қособа ауылдық округі үшін табысты болғаны анық. Себебі, тұралап тұрған мәселелердің дені былтыр шешілді. Ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті. Ұялы байланыс орнатылды. Ірі — ірі мәдени шаралар ұйымдастырылды. Бұл жаңалықтардың бәрі де жұрттың көз алдында болды.

Жергілікті әкімнің хабарламасы бойынша сөз сөйлеген жергілікті әйелдер кеңесінің төрайымы Мәдина Жұмағұлова жасалған жұмыстарға оңынан баға берді. Жалпы ауыл халқы әкімдердің жұмысына разы.

Қособа ауылдық округі басқа округтерден жастардың қоғамдық қозғалысымен де ерекшеленіп тұр. Енді, бұл округке жастармен жұмыс жасайтын маман керек. Жас ұстаз Райгүл Бабашева осы мәселені көтерді. Аудан басшысы бұл мәселенің «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі арқылы шешілуі мүмкін екенін айтты.

Жырақұдықтықтар осы сияқты электр жарығы, аудан орталығымен қатынайтын жол, санитарлық жағдай төңірегінде ұсыныстарын жеткізді. Ауыл ақсақалдары Болат Жақсылықов, Қаржау Алпысбаев, Абат Арыстановтардың жаңағы мәселелер төңірегіндегі сауалына тиісті сала басшылары жауап берді.

Есептік кездесуді аудан әкімі Абат Шыныбеков қорытындылады.Аудан басшысы ауыл халқына нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіптік білім беруге қатысты мемлекет беретін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға шақыруда.

Б.ШЕРІМ,

Қособа ауылы