19.01.2017, 12:38
Қараулар: 249
Кәсіпкерлерге мемлекеттің қолдауы

Кәсіпкерлерге мемлекеттің қолдауы

03.19.01.17«Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен кәсіпкерлер кеңесі өтті. Жиынға аудан әкімі жанынан құрылған кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.

 

Жиында аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Иманғалиев «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 2012-2014 жылдары берілген несиенің қайтарылуына талдау жүргізіп, 2016 жылы бөлінген қаржының игерілуі, мақсатты жұмсалуы туралы мәлімдеме жасады.

Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Сондықтан мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ұдайы қолдау көрсетілуде. Сондай көмектің бірі «Береке» несиелеу бағдарламасы. Мақсат — мүйізді ірі және ұсақ қара мал басын көбейту. Осылайша ет өндіру жұмысының өнімдігін арттыру. Бағдарлама аясында қатысушы 3 млн теңгеге дейін несие ала алады. Қарызынан уақтысынан бұрын құтылған жағдайда шаруаға 4 жылға 5 млн теңгеге дейін қаражатты несиеге алуына мүмкіндік бар. Бағдарлама қатысушысына несие жылына 4,8 пайыздық мөлшерлемемен бастап беріледі.  Күні бүгін «Береке» бағдарламасы аясында Сырым ауданы бойынша 37 адам өтініш берсе, соның 11-і өз кәсіптерін бастап кеткен. Аталмыш бағдарлама аясында жеке қосалқы шаруашылықтар құру және бөлінген қаржының игерілуі туралы БҚО Сырым аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры А.Балғалиев айтып өтті. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Жоламанов 2017 жылға арналған Сырым ауданының шағын және орта бизнестің дамыту картасына енгізілген жаңа жобалар туралы баяндама жасап, бекітті.

Жиынды аудан әкімі Абат Шыныбеков қорытындылады.

Үміт Ізтелеуқызы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар