30.12.2016, 15:51
Қараулар: 406
Спортшылар балы салтанат құрды

Спортшылар балы салтанат құрды

???????????????????????????????Ауданның спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосып, дүбірлі додаларда топ жарып жүрген спортшылардың жылды қорытындылаған балы өтті. Спортшылар балына аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Аудан басшысы Нұрымжан Ғаббасовты «Үздік спортшы», жас өрендерден құралған футболдан Сырым ауданы құрама командасын «Үздік команда», Ерболат Қайырғожинді «Кәсіпкер спорт жанашыры» аталымдары бойынша марапаттады.

Жұмабай Сатаев «Спорт жанашыры үздік ауылдық округ әкімі», Абзал Қуанышев «Үздік әдіскер», Еркін Шүренов «Ардагер спортшы» атанып, марапаттарын Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев табыс етті.

«Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев Жандос Дүйсенғалиевты «Үздік спортшы-мемлекеттік қызметкер», Сырым колледжін «Үздік спортшы ұжым» аталымдары бойынша марапаттады.

Сырым колледжінің директоры Санат Берсебаев «Үздік жас спортшы» аталымын Ибраим Нұрсәлімге, «Жыл серпілісі» аталымын Нұржан Исағалиевке, «Үміт артар спортшы» аталымын Айгерім Гумароваға тапсырды.

Аудандық мәслихат депутаты Асхат Дүйсенғалиев «Табандылығы мен жігерлігі үшін» Тимур Сатыбалдиевты, «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» Марат Мәулетовты, «Үздік жаттықтырушы» Ержан Чукуровты марапаттады.

Ауданның белді спортшыларына арналған кеш  әсем әнмен әрленіп, спортшылар дастарханнан дәм татты.

 Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар