30.12.2016, 15:49
Қараулар: 382
Ардагерлерге марапат

Ардагерлерге марапат

01-30-12-16ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық ішкі істер саласында жемісті қызмет атқарған сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Арман Әлмұханов ұзақ жылдар бойына ішкі істер органында адал қызмет атқарған бір топ ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтап, оларға шынайы сезімде құрметтер көрсетілді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік марапатқа ие болғандардың ортасында Қуат Жұматаев «Ардагер» медалімен, Сағындық Хайруллин ардагерлер ұйымының құрылғандығына 45 жыл толуына орай «Ардагер» медалімен марапатталса, Қайыржан Ақмұқановқа арнайы қол сағаты, Жайдарбек Дүйсенбаевқа ақшалай сыйлық салтанатты түрде тапсырылды.

Марапатты иелеріне тапсырған аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Әлмұханов ардагерлер ұйымының жұмысына оңды бағасын беріп, сала ардагерлерімен байланыс келешекте де бірлік жағдайында жүргізіле беретіндігіне тоқталды.

Алтай Жұмажанов,

Сырым ауданының ішкі істер органдары ардагерлер ұйымының төрағасы