22.12.2016, 15:51
Қараулар: 506
ЕҢ ҮЗДІК ЖАС ДӘРІГЕР

ЕҢ ҮЗДІК ЖАС ДӘРІГЕР

06-22-12-16Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жыл үздігі – 2016» жастар сыйлығына Сырым аудандық орталық ауруханасының хирург маманы Тимур Еспентаев қатысып, «Үздік жас дәрігер – 2016» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. 

Жабырқау жандардың жүрегіне шуақ беретін мамандық иесі Тимур тек ағымдағы жылдың өзінде 58 рет сәтті ота жасаған.

Тимур қазіргі таңда тек хирург қызметін ғана емес, онкология саласында да қызмет атқарады. Ауданымызда оздырылатын спорттық шараларға белсенді қатысып, шағын футболдан өткен додаларда «Үздік қорғаушы», «Үздік техникалық ойыншы» аталымдары бойынша жеңімпаз атанған.

Антына адал ақхалатты абзал жанның жұмысына табыс тілейміз!

Үміт Жәңгірова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар