22.12.2016, 15:48
Қараулар: 316
Денсаулық үздіктеріне марапат

Денсаулық үздіктеріне марапат

04-22-12-16Сырым аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында Тәуелсіздіктің 25 жылығына орай салтанатты шара оздырылды.

Салтанатты шарада Сырым аудандық орталық ауруханасының директоры А.Дусеев құттықтау сөз сөйлеп, «Жыл үздігі-2016» байқауының «Ең үздік жас дәрігер-2016»аталымы бойынша жеңімпаз, хирург маманы Тимур Еспентаевты құттықтады. Және БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Ирменовтың қолы қойылған Құрмет грамотасын Бибігүл Идиятоваға, Жымпиты ауылдық округі әкімінің алғыс хатын Айгүл Қасымоваға, Сырым аудандық орталық ауруханасының басшысының алғыс хатын Раушан Жәнібекқызына табыстады.

 Аудандық мәслихат депутаты А.Дүйсенғалиев мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, денсаулық саласында көп жылдар бойы табысты еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсете білген, денсаулық сақтау саласының үздіктері болған Г.Абдульмановаға, А.Қойшыбаеваға, Р.Матаеваларға мерекелік естелік сыйлықтарды табыстады. Салтанатты шара барысында денсаулық сақтау жүйесінде атқарған адал еңбегі үшін аурухана қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты жиын «Тәуелсіздік тұғыры» атты орталық аурухана өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Ү.ІЗТЕЛЕУҚЫЗЫ