22.12.2016, 15:21
Қараулар: 402
Арайлы таңдағы айшықты істер

Арайлы таңдағы айшықты істер

11-10-11-16Бейбітшілік таңы арайлап атқанына 25 жыл толып отыр. Қазақ халқы 1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан бүгінгі күнге дейін көп жетістіктерге жетті. Қазақ деген халықты бүкіл ел таныды, білді. Қазақстанда тұруды армандайтын адамдар өте көп. Олар қазақ халқының дархандығына, сонша жыл бойы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ел тәуелсіздігін сақтап келгеніне таңданыспен, қызығушылықпен қарайды. Тәуелсіз елде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстар бейбіт әрі тату өмір сүруде. Еліміз дамыған елу елдің қатарына енді. Елімізде «ЕХРО-2017» көрмесі өткізіледі. Айта берсек көп жетістіктерге жеттік, мұның барлығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы басшылығының арқасы дер едік.

Қазақстан өз алдына тәуелсіздік алғаннан бастап ауылымызда түрлі жетістіктер мен өзгерістер орын алды. Солардың бастысы Алғабас ауылында 183 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Жаңаөңір және Сасықкөл мекендеріне газ тарту жұмыстары жүріп жатыр. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша «Айсана» (ЖК «Ибрагимов») және «Қынық» кафелері (ЖК «Белхайрова») ашылып өз қызметін халыққа көрсетуде. ЖК «Валиахмет» 1,5 млн теңгеге несие алып, пластикалық терезе мен есік шығарып жұмыстануда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 шаруашылық («Миллат» және «Беркәлі») 31 млн.теңгеге 75 бас ірі қара аналық, 6 бас бұқа малын сатып алды, оның ішінде 35 бас асыл тұқымды қашар. Биылғы жылы «Ешекен» ш/қ 750 га жерге сафлор дақылын егіп отыр.

2016 жылы «Жамбыл» шаруа қожалығы жаңа бір трактор (7 млн.800 мың теңгеге) және бір шөп тайлағыш (2 млн.640 мың теңгеге) алды, «Миллат» шаруа қожалығы бір шөп тайлағыш (2 млн.200 мың теңгеге) алды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен биылғы жылы М.Каналиев атындағы Алғабас орта мектебінің алдыңғы қоршауы жасалып, ауыл жастары мен оқушыларға арналған спорт алаңы салынды. Алғабас дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жасалып, жаңа УАЗ маркалы автокөлік берілді.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуде ауылдық округіміз бойынша жыл басынан бері барлық мекеме қызметкерлерімен, ардагерлермен, ауыл жастарымен жиындар, акциялар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Алгабас  ауылдық мәдениет үйінің  құрылғанына 40  жыл  толуына  байланысты  мәдени  шара өтті

Жеңіс  күніне  орай мерекелік  концерт  өткізіліп, ескерткішке гүл шоқтары қою pәсімі өткізілді және ауылымыздың ақсақалы, соғыс ардагері  Құлдыбай  Дүйкенұлын  еске  алуға  арналган  жасөспірімдер арасында қазақша күрестен аудандық турнир ұйымдастырылды. Ұлы  Жеңіс  күніне  орай  мәдениет үйінде  тыл  еңбеккерлеріне  9  мамыр  күні шағын дастархан ұйымдастырылды және жастар  арасында  футболдан  аудандық  турнир өтті.

Ауданымыздың құрметті азаматы, соғыс ардагері М.Қаналиевтің 90 жасқа толуына орай, мектеп тарихына және ауыл тарихына арналған мұражай ашылды. М.Қаналиевті еске алуға арналған волейболдан аудан біріншілігі өтіп, ауыл қарияларына ас берілді. Шығармашылық үйірме жетекшісі Н.Жұмағазиевтің  ұйымдастыруымен «Жайдарман» атты концерттік  шара өтіп, түскен қаражаттан мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Балалар  күніне  ауылда вело – жарыс ұйымдастырылды. «Алға жастар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі  Н.Жұмағазиев  бала  кезінен мүгедек  А.Халитовке соңғы  үлгідегі музыкалық  буфер  сыйлады. Мемлекеттік рәміздер  күніне  орай  мәдениет үйінде  «Кең  байтақ жерім — Тәуелсіз  елім — Қазакстаным» атты  шара өтіп, ауыл  жастары мен  жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.

Тәуелсіздігіміздің 25  жылдығына  орай  «Бейбітшілік  және  келісім» Мега жобасы  аясында  Алғабас  ауылдық  окpyгi  Шағырлой  ауылына  барып,  концерттік бағдарлама құрды  және  халықтың  ризашылығына бөленді. Ал Бұлдырты  ауылдық  окpугі  Алғабас  ауылына  келді  және  дөңгелек үстел өткізіліп, өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.

«Мектепке  жол»  акциясы  аясында  қайырымдылық марафоны өтті. Жалпы 58 оқушыға 192 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

«Жастығын  жалын  шарпығандар»  атты  ауған  жерінен  Кеңес  әскерлерінің шығарылғанына  27  жыл  толуына  орай  мәдениет үйінде  және  Алғабас  орта мектебінде  концерттер, «Құрбандар  eciмі  мәңгілік»  атты  дөңгелек  үстел ұйымдастырылды.

Тәуелсіздігіміздің 25  жылдыгына  орай  мәдениет  үйінде  «Жақсылыққа асығайық»  атты  қайырымдылық  шарасы  өттi.  Шарадан  түскен  қаржыға шығармашылық жетекшісі Н.Жұмағазиев  сегіз  балаға  он  тоғыз  мың теңге көлемінде  мектеп  құралдарымен  көмектесті. Жұмағазиев  Нұрболат  жетекшілік ететін «Олжалы Орал» КТК командасы Орал әкімінің кубогына арналған Республикалық фестивалінде «Жайдарман» ойынында екінші орынға теледидар ұтып алып, Алғабас мектебіндегі түзету-дамыту сыныбына сыйлады.

Қарттар күніне орай қарияларға  «Айсана»  кафесінде  ас  беріліп,  шағын  концерт ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай  С.Датұлы  көшесінде  баннер орнатылды.  ЖББ  М.Каналиев  атындағы  Алғабас  орта  мектебіндегі  «Жас  Ұлан» ұйымының  оқушылары  «Ардақтайық  ұстазды»  атты  акциясы  аясында  алты зейнеткер  ұстаздың  үйлеріне  «Ардақты  ұстаз үйі»  атты  тақтайшалар  орнатты.

Тәуелсіздігіміздің 25  жылдығына орай  «Ақ ниет iзгi  тілек»  атты концерттік бағдарлама,  КТК  ойындары  және  лоторея  билеттері  ойнатылып, түзету  —  даму сыныбында және үйден  оқитын  оқушыларға,  мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға тегін билеттер  үлестірілді.  Концертке  Орал  қаласынан  қонақтар,  әншілер, жайдарманшылар келіп қатысты.

 С.Хаймулдина

Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар