22.12.2016, 11:38
Қараулар: 385
Әсерлі ертеңгілік

Әсерлі ертеңгілік

09-22-12-16Сырым аудандық білім беру бөлімінің МКҚК «Балдырған» балабақшасының  2 кіші «Балапан» тобының тәрбиеленушілерімен  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жыл мерей тойына орай тамаша тарту «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты  тақырыпта ертеңгілік оздырылды.

Мұнда көзделген мақсат  балалардың ҚР тәуелсіздік күні туралы білімдерін қалыптастыру, зейінді, байқампаздықты; сөйлеу қабілетін, сөйлеу мәнерлілігін  дамыту; отансүйгіштік сезімін, туған еліне, бір-біріне деген сыйластыққа, құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Ертеңгілік барысында балалар кішкентай жүректеріне алақандарын қойып, Әнұранымызды шырқап, Отан туралы тақпақтар, ән айтып, би билеп көңіл көтеріп қана қоймай ҚР рәміздерін атап, Президентімізді туған жерімізді сүйетіндерін жеткізе білді.

Осы игі шараға ата-аналар да атсалысуда жылжымалы суреттер жасақтап,көмектерін аямауда.Ұл-қыздарымыздың осындай ортада тәрбиеленіп жатқанына қуанамыз.Әсерлі шара көп бола берсе,ата-ана мен балабақша арасындағы бірлестік нығая беретініне сенемін.

 Г.Хамидуллина,

Сырым аудандық білім беру бөлімінің МКҚК «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар