Жуырда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданда жарияланған 25 жұлдызды күннің аясында Сырым аудандық қорғаныс бөлімінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі бағыттарына арналған аудандық қоғамдық келісім өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Салтанатты алғы сөзді Сырым аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы Мұратбек Сәрсенғалиев сөйледі. Подполковник мырза өзінің сөзінде елдік, егемендік сияқты құндылықтардың мәңгі болуы үшін елдегі азаматтарға жауынгерлік рух керек деді.
Осы сияқты аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Арман Әлмұханов, ауған соғысының ардагері Мұрат Айдарханов, «Сырым сарбаздары» ұйымының төрағасы Серік Сарғозиев, Сырым колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Тельман Исатаев пікір білдірді. Пікірлерді тыңдасақ, шара қатысушылары патриоттық деген түсінікті күрделендірудің керегі жоқ дегенді айтады. Отанға адал ниетпен, ақ жүрекпен қызмет ету – нағыз патриоттық.
Шара үстінде балалар саз мектебінің оқытушылары әскери әндер шырқады.
Б.МҰСТАФИЕВ,
Сырым ауданы