24.11.2016, 11:50
Қараулар: 305
Сапалы қызмет көрсету – заман талабы

Сапалы қызмет көрсету – заман талабы

???????????????????????????????Сырым ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға байланысты «Сапалы қызмет көрсету – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырысқа аудан әкімі аппаратының басшысы Ерлан Сәрсенов төрағалық етті.

Күн тәртібі бойынша  ветеринария саласында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы  Абылай Каримуллиев баяндама жасады. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары  және  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Қайрат Ишанғалиев электронды түрде көрсету мүмкіндігі бар қызметтерді қызмет алушыларға e.gov.kz порталы арқылы көрсету жұмыстарын қадам-қадам бойынша түсіндіріп, сапалы қызмет көрсетудің жолдарын айтып өтті.

Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы  Е.Сәрсенов қорытындылап, мемлекеттік қызметшілерге жұмысты жүйелі жүргізуде тапсырмалар берді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар