24.11.2016, 11:48
Қараулар: 282
Бауыржан жүлдегер!

Бауыржан жүлдегер!

02-24-11-16Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Атырау қаласында өткізілген «Асқақ рухты Атырау» атты  республикалық ақындар айтысында додаға түскен 20 ақындардың ортасынан әріптесіміз, «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Бауыржан Ширмединұлы жүлделі екінші орынды еншіледі.

Айта кетелік екі күнге созылған жыр сайысына қатысқан ақындарға белгілі өнер тарланы, Қазақстан мен КСРО-ның халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы төрелік етіп, жүлдегер танылған ақындарға арнайы жүлделерді халықтың ду қол соғуларымен тапсырды.

Осындай үлкен қошеметтің ортасында жерлесіміз Бауыржан Ширмединұлы да от ауызды, орақ тілді айтыскер ақындар Мейірбек Сұлтанхан, Қалижан Білдәшпен жыр додасына түсіп, нәтижесінде жүлделі екінші орынды (800 мың теңге) жеңіп алды.

Республикалық үлкен додада жеңімпаз атанып отырған Б.Ширмединұлы алдағы 1 желтоқсанда Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде өткізілгелі отырған Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған, «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысына қатысады.

Айтыскер ақын Бауыржан Ширмединұлын айтыс додасындағы үлкен жетістігімен жерлестері атынан құттықтай отырып, алдағы дода сайысында да жетістіктер тілейміз.

М.БЕКҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар