24.11.2016, 11:47
Қараулар: 344
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі

Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік.

Қазақстан Ата заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп атап көрсетілген.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев жаңадан қалыптасып жатқан қазақ елінің басында тұрған және егемен Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде дамуына үлесін қосқан Ұлт Көшбасшысы болып табылады.

Қазақстан Республикасы еліміздің егемендігі, тәуелсіздігімізді жариялаған алғашқы күннен бастап мемлекетіміздің бейбіт саясатты ұстанымы Тұңғыш Президенті есімімен тікелей байланысты.

16 желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Содан бері 25 жыл уақыт өтті. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы орындалды.

Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауызбірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы осы жылдарда құқықтық мемлекет құруының жасампаздық үдерісінде құқықтық саясатының іске асуына, жас мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына әділет органдары белсенді қатысып өз үлесін қосуда.

Аудандық  әділет басқармасының негізгі фунциялары ретінде құқықтық түсіндіру жұмысы, халыққа заңгерлік көмек көрсету, заңды тұлғаларды,  жылжымайтын мүлікке құқықтарын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көрсетілген басқа да тапсырмаларды орындау болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару саясатындағы негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында әкімшілік кедергілерді  барынша қысқарту және жемқорлық пен кеңсешілдікті жою болып табылады. Осы бағытта әділет органдарымен көптеген жұмыстар атқарылып, қазіргі таңдағы қоғам мемлекеттік қызметтердің халыққа көрсетілетін тәртібінің жеңілдетілгенінің куәгерлері болып отыр.

Осы ұлттық мереке барша қазақстандықтар үшін, республикамыздың гүлденуінің нышаны, бірлік, бейбітшілік, келісім және ауызбіршіліктің кепілі болсын.

Н.Кайыржанова,

Сырым аудандық әділет

 басқармасының басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар