24.11.2016, 11:31
Қараулар: 411
Төл өнерін серік еткен Төлеген

Төл өнерін серік еткен Төлеген

???????????????????????????????Ауданымыздың мәдениет саласына сүбелі үлесін қосып келетін Есмұханов Төлеген ағаны білмейтін адам кем де-кем шығар. Оның орындауындағы әйгілі «Атамекен» әнін тыңдағанда елітіп, елжіреп, елген сүйіспеншілігі тасымаған жан да жоқ, сірә? Саналы ғұмыры сахнада сараланып, өмірі өнерімен өрілген, Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет грамотасының», «Еңбек ардагері» медалінің иегері Төлеген Есмұханов пайғамбар жасына да жақындап, зейнеттің дәмін татар жасқа жетіпті.

Төлеген Мнапиұлы 1954 жылдың ақпанының екінші жұлдызында дүниеге келді.  Әкесі Мнапи мен анасы  Ғайнижамал  – ұзақ жылдар колхозда ақ адал еңбек сіңіріп өткен жандар.

Мектеп табалдырығын имене аттаған бала Төлеген   спортқа, өнерге бейімдігін байқатып,  өзгелерден даралана түсті.  Онжылдықты ойдағыдай бітірген жігіт Отан алдындағы борышын Ресей жерінде өтеді. Әскерде жүргенде де, өнерден қол үзбеді. Әскерден туған жерге  оралып, мектепте еңбек жолын бастады. 1975 жылы Орал музыкалық училищесіне оқуға қабылданып, облыстық «Ақ Жайық» ансамблінің  мүшесі ретінде  Қазақстанның барлық түкпірінде өнер көрсетті. Мәскеу, Алматы қалаларында концерттерге, арнайы курстарға қатысты. Училищені бітірген жас маман «Қызыл ту» колхозының  мәдениет үйінің директорлығы қызметіне кірісті. Кейін  Жаңаөңір  мәдениет үйіне ауысты.  2005 жылы аудандық мәдениет үйіне  көркемдік жетекші  болып қызмет жасап келді. Бүгінде «Демалыс орталығының»мәдени-көпшілік жұмыстарының ұйымдастырушысы болып еңбек етуде.

Төлеген Мнапиұлы бірнеше марапаттарға ие болды.   1983 жылы Кеңестер Одағының 60 жыл толуына орай Социалистік жарыс жеңімпазы атанып, «Құрмет грамотасымен», 1985 жылы Бүкілодықтық ауылшаруашылығы қызметкерлерінің мерекесіне байланысты «Құрмет грамотасымен марапатталып, Бүкілодақтық мәдени-ағарту мекемелерінің  Соцалистік  жарыста жоғары көрсеткіштерінің  жеңімпазы атанып,  Мәдени министрліктің  дипломына ие болды.

Төлеген Есмұхановтың жанұясында зайыбы Ақлима екеуі қос тәрбиелеп өсірді. Облыстық отбасылар байқауында жеңімпаз да болды. Үлкен ұлы Алмаз «ҚазТрансГаз» мекемесінде, келіні Шолпан аудандық ауруханада еңбек етуде. Ал, кіші ұлы Мирас әке жолын қуып, өнерді таңдады. Алматыдағы А.Жұбанов атындағы  мектепті, кейін Астана музыка академиясын бітірді, Астана мемлекеттік симфониялық оркестрінде қызметте. Оркестрмен бірге дүниежүзінің бас қалаларында өнер көрсетіп жүр.

Ш.МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар