10.11.2016, 11:44
Қараулар: 247
Бағдарлама егжей-тегжейлі түсіндірілді

Бағдарлама егжей-тегжейлі түсіндірілді

???????????????????????????????Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен  мал шаруашылығын асылдандыруға арналған «Береке»  бағдарламасын түсіндіруге  қатысты жиын өтті. А.Шыныбеков ауданда мал шаруашылығын асылдандырудың жүзеге асуы туралы айтты.

 Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Сырым ауданындағы филиалы директоры  Айдынғали Балғалиев  мал бордақылауға арналған «Береке» бағдарламасы бойынша несие алудың шарттарын түсіндірді. Несие 500 мыңнан  төмен алсаңыз, 4,8 пайызбен, 500 мыңнан жоғары алсаңыз, 6 пайызбен беріледі. Несие жекелерге 4 млн-ға дейін, шаруа қожалықтарына 4 млн-нан жоғары сомада беріледі. Алынған несиенің 20 пайызы бордақыланатын малдың азығына жұмсалады. Несие алатын адам міндетті түрде ауылдық кооперативтің мүшесі болуы керек. Кооперативтің кем дегенде 20 адамнан тұратын мүшесі болуға тиіс. Кооператив мүшелерінің саны жиырмаға толмай, несие берілмейді. Несие әр адамның өзінің шотына түседі де, әркім өзінің несиесін төлейді. Несие алатын адам  электронды сандық қолтаңба алуы тиіс. ЭСҚ арқылы оның барлық қажетті құжаттары алынатын болады.

Бұл бағдарламаның пайыздық мөлшерінің аздығымен де ұтымды. Мысалы, Хоум Кредит банктен 100 000 теңге алған адам, оны төлегенде 200-250 мың теңге қылып қайтарады. Ал, бағдарлама арқылы 100 мың теңге несие алса, 106 мың теңге қайтарады. Кепілге қойылған үйдің 0,6 сомасы несие ретінде беріледі. Егер, кепілге қойылатын үй 15 млн-ды құраса,  онда, сол кепіл арқылы үш адам несиеге қол жеткізе алады. Несие алам деушілердің басқа банктердегі қарызын төлеуде кешіктіру мерзімі 90 күннен аспауы тиіс.

Ш.ЯУДАҚЫЗЫ

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар