10.11.2016, 11:31
Қараулар: 321
Әлеуметтік комиссия есебі тыңдалды

Әлеуметтік комиссия есебі тыңдалды

???????????????????????????????Бұлдырты ауылдық округінің әкімі жанындағы әлеуметтік комиссияның есебі тыңдалды. Ауылдық округ әкімі Ерлан Мақашев комиссияның атқарған жұмысын баяндады. Баяндамадан соң комиссия мүшелері Еркін Мырза, Болат Тасқалиев,  Қален Ахметқалиев,  Ағиба Төлегеновалар сөз сөйлеп, баяндамаға қатысты пікірлерін білдіріп, комиссия жұмысы  ашықтықпен жүргізілетіні, аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі  бала тәрбиелеп отырған отбасы мүшелерін бірінші кезекте жұмысқа жіберуді мақсат ететіні туралы айтты.  Жиын барысында әлеуметтік комиссияны тарату туралы ұсыныс та түсті.

Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева қорытындылады.

 – Әрбір тұрғын жағдайы жақсы болса да, төмен болса да, жұмыста болмаса, ресми жұмыссыз ретінде тіркелуге құқылы. Ауыл әкімі жанындағы әлеуметтік комиссия мүшелері әр отбасындағы жағдайға қанық. Өмір сүру деңгейін білетін адамдарды комиссия құрамына енгіздік. Аудандық прокуратурамен, аудан әкімдігімен, жұмыспен қамту орталығымен бір мәмілеге келіп, аз қамтылған отбасылардың мүшелерін жұмысқа алу комиссияда көзделді. Комиссия жұмыс тоқтағанда тұрғындарды жұмысқа тарту тек қана жұмыспен қамту орталығының жұмыссыздар есебі арқылы жүзеге асатын болады. Заңға сәйкес кезекте тұрғандар ғана  жұмысқа  орнала­сатын болады,-  Шынар Сайлауқызы ауыл тұрғындарын «Береке», «Игілік» бағдарламаларына қатысуға шақырды.

 Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар