10.11.2016, 11:01
Қараулар: 320
«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

07-10-11-16«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының мұрындық болуымен «Жолда қабылдау» акциясы өтуде.

 «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жүзеге асып отырған «Жолда қабылдау» акциясының негізгі мақсаты – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ауылішілік және тас жолдардағы көлік жолдарындағы жол қауіпсіздігінің алдын-алу.

Аталмыш акция аясында 20 қазан күні Сырым ауданында «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиев пен әкімшілік полиция қызметкері А.Исламғалиев аудан тұрғындарымен қоса Самара-Шымкент тас жолындағы автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту, құқық қорғау органдарының әкімшілік полициясының қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Жолда қабылдау» акциясы аясында азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті кеңестер мен заң аясында түсінік жұмыстары жүргізіле бермек.

Үміт Жәңгірова