10.11.2016, 10:58
Қараулар: 390
Мал ұрлығымен күрес күшейтіледі

Мал ұрлығымен күрес күшейтіледі

???????????????????????????????19 қазанда аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның және аудан прокуратурасының ведомствоаралық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде Сырым ауданы бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдармен «Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасын» іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының және меншік құқығын қорғау және мүлік ұрлығымен күрес жөніндегі іс-шаралардың ведомствоаралық жоспардың орындалу барысы, жобаларын талқылау мәселесіне қатысты аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Арман Әлмұханов хабарлама жасады.

Мал ұрлығы бойынша 65 факті тіркеліп,  оның 15-і ғана ашылды.  Мал ұрлығының және жоғалуының орын алуының басты себептері тұрғындардың мал бағымына  салғырттық танытып, дұрыс бақпауы, өз беттерімен қараусыз далаға жіберуі, ауылдық округтерде малды бақташымен бағу ұйымдастырылмағандықтан  болып отыр. Биылғы 3 тоқсанның қорытындысымен тіркелген 65 мал ұрлығының салдарынан  аудан халқының 107 бас жылқысы, 77 бас ірі қарасы, 66 қойы, жалпы есепте 250 бас малы жоғалды. Мұның ішінде 53 факті бойынша  даладан жоғалған малдар саны  107 жылқы, 73 ірі қара, 66 бас қой. Мал ұрлығының 77,5 пайызы жайылыстан орын алып отыр. Ал, қорадан ұрланған малдардың ұрлығы 99 пайыз ашылды.

Аудан прокуроры М.Изимов малды тек қана мал сою алаңдарына ғана сою қажеттігін айтты. «Егер мал үйде сойылса, онда мал иесіне айыппұл салынады. Мал бақташысымен де келісімшартқа отыру қажет. Мал негізінен далада бақташысыз (қараусыз) жүрген жерінен жоғалады, сондықтан елді-мекендерде мал бағымын дұрыс деңгейде ұйымдастырып, мал иелеріне ескертулер беру қажет»,- деді прокурор. Әрбір учаскелік полиция инспекторына өз округі бойынша сойылған малға берілген анықтамаға мониторинг жүргізуді тапсырды. Бүгінде Сарой, Жетікөл ауылдық округтері мал ұрлығынан тыныш.

Аудан әкімі келесі жылдың қазынасынан ауылдық учаскелік инспекторлардың көлігін шешу мәселесін қарастыратынын айтты. Жұмыстан тыс уақытта, сенбі, жексенбі күндері малға анықтама берілмейтін болды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар