10.11.2016, 10:56
Қараулар: 367
Балалар әсем әуенмен елітті

Балалар әсем әуенмен елітті

03-10-11-16Аудандық балалар саз мектебінде фортепиано сыныбының мұғалімі  Әсел Бисенғалиеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Егеменді елімді жырлап өтем» атты фортепиано, скрипка, баян сыныптарының  есеп беру концерті өтті. Шара мемлекеттік әнұранмен басталды.

Әли Құмарғали  Фредрихбург Мюллердің  «Тарантелласын»,  Диас Зинедденов пен Алихан Бекчурин «Шырша жырын», Альмира Садықова Людвиг ван  Бетховеннің шығармасы «I miss you», Дәрмен Жолдығали Л.Шиттенің «Этюд», София Валитова Моцарттың «Волынка» шығармаларын аспапта тамаша орындап берді. Жас музыканттар хормен, ансамбльмен  «Осенняя мелодия», «Кел, билейік» әндерін орындады. Балалар, сондай-ақ, Қазақстан, Тәуелсіздік, туған жер туралы қазақ, орыс тілдерінде өлеңдер оқып, «Біз кімбіз?» деген сұраққа отансүйгіштік сезіммен жауап берді.

Шара соңында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлдана Шайхиева, ата-аналар атынан ардагер ұстаз Ким Федянин сөз сөйлеп, жас дарындардың өнеріне тәнті екендерін айтты.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА