10.11.2016, 10:48
Қараулар: 331
Тапсырылған қарулардың құны 487830 теңге

Тапсырылған қарулардың құны 487830 теңге

10-10-11-16Заңсыз сақталған, қолдағы тіркеусіз жүрген қаруларды өз еріктерімен тапсыру акциясының қорытындысы

Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген  Заңсыз (тіркеусіз) сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді түрде тапсыру қағидаларына сәйкес  елімізде 2016 жылдың сәуір айының 15  мен  тамыз айының 22-і аралығында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізілген болатын.

Тұрғындардан заңсыз сақталудағы қару-жарақты сатып алу  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысымен бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесіне сай өткізілді.

Автоматты ойық ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш бойынша 212 100 теңге, ойық ұзын ұңғылы /винтовкалар, карабиндер/ атыс қаруының әр бірлігі үшін елу еселенген айлық есептік көрсеткіш бойынша 106 050 теңгеге дейін, қысқа ойық ұңғылы /пистолеттер, револьверлер/ әр бірлігі үшін қырық еселенген айлық есептік көрсеткіш бойынша 84 840 теңгеге дейін, тегіс ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін отыз еселенген айлық есептік көрсеткіш бойынша 63 630 теңгеге дейін сыйақы қарастырылды. Ерікті тапсырылған қарулар ІІІ санатқа бөлінді. І санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100 пайызы есебінен жүргізілсе, ІІ санат – 70 пайыз, ІІІ санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 30 пайызы есебінен жүрді.

Акция кезінде 13 аудан тұрғыны заңсыз сақтаудағы қаруларын әкеліп тапсырған болатын. Тапсырған қарулардың техникалық жай-күйін бағалау комиссиясының қорытындысымен 9 қару – II  санатпен , 3 қару – III санатпен қанағаттандырылса, 1 қару бойынша «Заңсыз (тіркеусіз) сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді түрде тапсыру қағидаларына сәйкес сатып алу ережесінің» 4 бөлімі 19 тармағына сәйкес сот баллистикалық зерттеу жүргізген маман қорытындысына сай  тапсырған қаруы атыс қаруы болып   табылмағандықтан     сыйақы төлену қанағаттандырылмады.

Акция  барысында аудан тұрғындарымен тапсырылған қарулардың  жалпы сомасы – 487 830 теңгені құрады, яғни  9 қару – II  санатпен – 430 563 теңгені, 3 қару – III санатпен — 57 267 теңгені құрады.

Тапсырған қаруларды ауылдық округтерге саралайтын болсақ, Бұлан ауылы – 1, Шағырлой ауылы – 2, Бұлдырты ауылы – 2, Қоңыр ауылы – 1, Өлеңті ауылы – 1 және Жымпиты  ауылы – 6 қару тапсырды.

Ш.Жасталапова,

Сырым АІІБ-нің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау инспекторы полиция майоры

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар