10.11.2016, 10:41
Қараулар: 294
«МОЛМҰЗДАҚ» кубогі Қаратөбеге бұйырды

«МОЛМҰЗДАҚ» кубогі Қаратөбеге бұйырды

04-10-11-16Бүгінде «Жайдарман» ойындарына жас буынның қызығушылығы жоғары. Талантты жастардың дарынын ұштап, серпін беру мақсатында «Мейірбандық айы» аясында өңіріміздің жалынды командаларының қатысуымен жеке кәсіпкер Мереке Меңжановтың демеушілігімен және «Сырым жастары» ЖҚБ қолдауымен «Молмұздақ» кубогі ұйымдастырылды. Ойынға барлығы «Әңгіме болсын» (Қаратөбе ауданы), «12 раунд» (Орал қаласы), «Бренд» (Жымпиты ауылы), «Біздің уақыт» (Көгеріс ауылы), «Космос» (Жымпиты ауылы), «Нар тәуекел» (Қазақстан ауылы), «Дежавю» Орал қаласы), «Қаратөбе колледжі» (Қаратөбе ауданы), «Оян» (Тасқала ауданы), «Ақырап 25» (Ақырап ауылы) сынды 12 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша “Үздік ойыншы» аталымын «Оян» командасының мүшесі Наргиза Шынтасқызы және «Қаратөбе колледжі» командасының мүшесі Мерген Мұхамедияров иеленді. ІІІ орынды Орал қаласынан келген «12 раунд» командасы, ІІ орынды Тасқаладан келген «Оян» командасы, І орынды Ақырап ауылының «Ақырап 25» құрама командасы жеңіп алды. Бас жүлдені және «Молмұздақ» кубогін Қаратөбе ауданынан келген «Қаратөбе колледжі» құрама командасы қанжығаларына байлады.

Жайдарман ойындары басталмас бұрын қайырымдылық айлығы аясында жеке кәсіпкер Мереке Меңжанов Үмітаева Гүлсезімге планшет сыйға тартты. Ойын соңында лотерея  ойыны ойнатылып,  16 жұбаныш сыйлығы және жеңімпазға Iphone 4 телефоны сыйға тартылды.

Үміт Жәңгірова