31.10.2016, 10:20
Қараулар: 417
Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі

Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі

Жылыту маусымы да басталып кетті. Сондықтан өрт қауiпсiздiгi талаптарына қажет деңгейде көңiл бөлiнсе, оттан зардап шегетiндердiң саны аз боларын тағы бiр рет ескерткiмiз келедi.

Өрт оқиғаларын талдау қорытындылары жылыту маусымы кезiнде өрттердiң көпшiлiгi тұрғын үй секторында шығатынын көрсетiп отыр. Ал оның басты себептерiнiң бiрi — жылыту пештерiн пайдалануда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу.

Барша азаматтардың, сондай-ақ ұйым мен кәсiпорын басшылары, жауапты тұлғалардың назарын осынау өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң қарапайым талаптарын тағы бiр рет аударғымыз келедi.

Елдi-мекендердегi ұйымдар мен тұрғын үйлерге жылу беретiн орталық қазандықтарды пайдаланған кезде келесiдей тыйым салынады:

  • арнайы оқуды өтпеген және тиiстi бiлiктiлiк куәлiгiн алмаған тұлғаларды жұмысқа жiберуге;
  • сұйық отынды ғимараттың арнайы орнынан басқа жерде сақтауға;
  • жылыту қондырғысын пайдалану нұсқаулығында көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газтәрiздi) отын ретiнде пайдалануға;
  • жанып тұрған форсункалар мен газ жанғыштарынан сұйық отын аққанда температура реттегiштi пайдалануға;
  • бақылау және реттегiш аспаптардың болмауы, жарамауы немесе айырулы тұрған кезiнде жұмыс iстеуге;
  • жанғыш материалдарды қазандықтар мен буөткiзгiштерде кептiруге.

Пештi пайдалану кезiнде тыйым салынады:

  • жанып жатқан пештi қараусыз қалдыруға;
  • жағуға дайындалған отынды, басқа да жанғыш маетриалды пештiң алдына қоюға;
  • пештi тұтату үшiн жалындайтын және жанғыш сұйықтарды қолдануға;
  • пештi пайдалану нұсқаулығында көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газтәрiздi) отын ретiнде пайдалануға;
  • адамдар көп шоғырланатын бөлмелерде iс-шаралар өткiзген кезде пештi жағуға;
  • пештi пайдалану нұсқаулығында көзделген уақыттан ұзақ пештi жағуға;
  • пештiң үстi мен мұржадан 0,5 метр қашықтықтан кем аралықта жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киiм, киiм, отын) кептiруге.

Шоғы сөнбеген күл мен шлакты пештен шығарған соң, арнайы бөлiнген жерге төгiп, өрт шығып кетпес үшiн сумен сөндiру керек.

Пештiң аузынан 1,25 метр және басқа да қызып тұрған жерiнен 0,7 метр қашықтықтан кем аралықта жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен қондырғыларды орналастыруға тыйым салынады. Қатты отынмен жанатын қазандық қондырғыларының түтiн мұржасына ұшқын өшiргiштер орнатылып, тазартылып отыруы керек.

Тұрғын үйлер мен мекемелердiң қауiпсiздiгi өзiмiзге байланысты болады. Қарапайым өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұлжытпай сақтау қажет!

Ж.Асхатұлы,

Сырым ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар