2.10.2016, 12:07
Қараулар: 439
Облыстан жүлделі оралды

Облыстан жүлделі оралды

05-20-10-16Ағымдағы жылдың 12 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы шеңберінде «Бәріміз бірдейміз  –  кемсітуді білмейміз» атты облыстық фестиваль өтті. Шараның мақсаты – қоғам өмірінің барлық салаларында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі  танытуға жәрдемдесуге, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірбиесін қолдануға қоғамдық назарды аудару.

Жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін фестивальға Сырым ауданы атынан 3 номинация бойынша үміткерлеріміз қатысты.  Төремұратова Айымгүл Серікқызы (Бұлдырты ауылы) «Үздік жасампаз», Ғайнуллин Сәлімжан Берікқалиұлы (Жосалы ауылы), «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша Алғыс хатымен марапатталса, «Үздік көркем сөз» номинациясы бойынша Ысқақ Бану Нұржанқызы (Алғабас ауылы) жеңімпаз атанып, облыс әкімі атынан алғыс хат алды.

Д.ЕРҒАЛИЕВА,

Жымпиты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар