29.09.2016, 11:39
Қараулар: 375
Тәуелсіздіктің тұғыры

Тәуелсіздіктің тұғыры

11-29-09-16«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 25 сәт» атты игі шараларды іске асыру мақсатында «Сырым колледжі» МКҚК ұжымы жоспарлы да жүйелі жұмыстарды іске асыруда.

Атап айтсақ колледжде  күні ілгері жоспарланған ашық және үлгілі сабақтар мен тәрбиелік мәні бар шараларды атап өтуге болады.

Облыстық колледждер арасындағы байқаулардан  «Жымпитының алғашқы сәулет ғимараттары және олардың тарихы», «Өз дәстүріңді білесін бе?», «Жыршыларша жырласам» тақырыбында аталым бойынша  тарих пәнінің оқытушысы А.Мұтанова, алғыс хаттармен марапатталды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Денсаулық фестивалі-2016» атты спорттық шараларды жоспарлы жүйелі түрде өткізіп директордың алғысына бөленіп жүрген дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А.Өтегеновтың еңбектерін атап өтуге болады.

Атап айтсақ «Тәуелсіздік-достықтың негізі», «Тәуелсіз елім менің – Қазақстан» мерекелік мәдени-көпшілік шара, театрландырылған көрініс, концерт, спорттық ойындар, жарыстар ұйымдастырылды.

«Біздің таңдауымыз  – салауатты өмір!», «Спорт – денсаулық кепілі»,  «Дені саудың – жаны сау» атты спорттық шара түрлері соның ішінде ұлдар арасында шағын футбол, үстел теннисі, «Ел болашағы-жас ұрпақта» дойбы, шахмат, кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, жеңіл атлетикадан жарыс, кермеге тартылу, шағын және алыс қашықтыққа жүгіру  т.б. спорттық жарыстар өткізіп, белсенділік танытуда.

«Тіл – тәуелсіздік тұғыры»,  «Мемлекеттік тіл – менің тілім»  топтар арасында «Тіл — тәуелсіздік тұғыры»  байқаулар өтіп, оның жеңімпаздары директордың алғыс хаттарымен марапатталды.

Ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттары «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бір халық- бір ел-бір тағдыр», «Туған жердің тарихы», «Жалғыз Отан – Тәуелсіз Қазақстан», «Тәуелсіздік жолында»

«Тіл – халық тарихы, салт-дәстүрдің көріністері» тақырыбында тәрбиелік мәні бар шаралар мен тәрбие сағаттары,  «Қазақстан халқының Ассамблеясының 20 жылдығына орай  «Ассамблея – татулық темір қазығы» атты тәрбие сағатын өткізілді.

«Әлемдік қауымдастық мойындаған Қазақстан» атты фотокөрме ұйымдастырылды. «Рухани келісім – Қазақстан халқының бірлігінің негізі»   тәрбие сағаттары мен кездесулер,   «Ел еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға»  және «Мәңгілік ел» атты тақырыпта кеш өткізілді.

«Ана тілі-жүрек үні», «Ауылым – шағын Отаным», «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым», «Тарих тағылымымен» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясы жалғастырылуы ұйымдастырылып (сенбіліктер, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және басқа да іс-шаралар) іске асты.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы нышандарын кеңінен қолдана отырып, ұрпақтар сабақтастығына, ұлттық, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге арналған конкурстар, фестивальдер, көрмелер «Тәуелсіздіктің дара жолы» атты тәуелсіздік жылдарындағы  Қазақстанның жетістіктеріне  арналған кітап көрмелер.

«Тәуелсіздік – тағдырым», «Ата баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында баяндамалар, кездесулер, тәрбие сабақтары, ашық сабақтар, тақырыптық кештер және көрмелер ұйымдастырылды.

Осындай игі шараларды өткізуде кітапханашы Г.Зимуханова, тәрбиеші Н.Берсебаева пән оқытушылары Т.Исатаев, М.Абдрахманова, А.Есмұханова, С.Бисембаева оқу өндіріс шеберлері Л.Мұхамбетжанова, М.Мұрадимов, А.Қапашева, т.б еңбектерін атауға болады.

 «ZIАТ» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырған қашықтықтан өткізген 4 Республикалық педагогтар сайысында ашық сабақтардан «Үлгілі сабақ»  атты І орынға ие болған Ш.Хайруллина, А.Мұтанова, А.Есмұханова есімдерін мақтанышпен атап өтуге болады.

 Қазақтың болашағы қазаққа керек, сондықтан да,  Ұлттың келешегі үшін бел буып, білек сыбанып, үлкені бар, жасы бар, тізе қосып еңбек ету керек. Өз тарихыңнан, өз тіліңнен, өз мәдинетінен асыл, қымбат ештеңе жоқ, алдымен осыларды ардақтап үйретуіміз керек жастарға. Қазақстанның тарихи иесі қазақ, бұған ешкім дау айта алмайды, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

Қазақта асыл сөз бар: «Ақылшысы жоқ ел азады,иесі жоқ жер азады,қолдамаса ер азады» деген. Бір-бірімізді қолтықтап, демеп, қолдап, жарасып жүрсек жараспай ма?!

Тоқсан тарау дініміз бар, томағалы тіліміз бар, шуақ шашқан күніміз бар, асқақтаған үніміз бар, желбіреген байрағымыз бар, шет-шексіз аймағымыз бар, қорласа да құламаған, жабықса да жыламаған, аш күнінде сұрамаған, аяулы халқымыз бар, ынтымақты бірлігіміз бар, берекелі тірлігіміз бар елміз.

Аласа шыңмен таласа алмайды, биік ешқашан аласармайды, арамдық адалдықпен жараса алмайды, адамның жаманы бір-біріне қараса алмайды, қына тасқа қонады, бақ-дәулет жетекке жүрмейді, ол тек басқа қонды. Әдептен озбаған, босқа құлашты созбаған, қарап жүріп тозбаған жақсы. Дәулетсіз бақ болмайды, қадірсіз тақ болмайды, жаңылмайтын-жақ болмайды, абайлап басып, анық сөйлеп жүрейік, үйренейік.

Туралықтың туын ұсатап, кісіліктің жолынан таймайық, ұлттық қасиетімізден кісілік келбетімізден, айнымайық, келешектің үмітін ақтайық, елдігімізді сақтайық, ағайын.

Б.Ахмет,

«Сырым колледжі» МКҚК ұстазы,

Суретте: «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» атты оқырмандар конференциясынан көріністер.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар