28.07.2016, 16:34
Қараулар: 384
Сәбиге туу туралы куәлікті алуға асығайық!

Сәбиге туу туралы куәлікті алуға асығайық!

Жаңа туылған сәбидің тууын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Ал, ата-анасының тұрғылықты жері олардың заңды мекенжайына сәйкес анықталады.

Сәбидің (баланың) тууы туралы өтінішті ата-анасы не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – халыққа қызмет көрсету орталығы департаментіне жазбаша  және электронды түрде береді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 189-бабына «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығына  өзгерістер енгізілуіне байланысты бұрын баланың тууын тіркеу туралы өтініш оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдармен тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс болса, енгізілген түзетулерге сәйкес, баланың туған күнінен бастап үш күн мерзім ішінде тіркелуі тиіс.

Сонымен қатар бала өлі туған жағдайда медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамымен өтінішті беру мерзімі босанған кезден бастап бес тәуліктен бір жұмыс күнге дейін қысқартылды.

 Осыған байланысты Сырым ауданы әкімінің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы баланың тууын тіркеу мерзімдері өзгерілгені туралы бұрын баланың тууын тіркеу туралы өтініш оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдармен тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс.

Өтінішке дәрігерлік туу туралы куәлік неке қию туралы куәлік және баланың ата-анасының жеке куәліктері қоса беріледі.

 Егер бала тууды бала туылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркелген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін  қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі. Бұндай жағдайда өтінішке қосымша:

— ата-анасының түсініктемесі;

— баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы.

— денсаулық сақтау ұйымдарынан баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;

— көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат ұсынылады.

    Осыған байланысты белгіленген мерзімде тууды уақытында тіркеуді қамтамасыз ету үшін ата-аналар жаңа туған сәбилерінің алғашқы құжаттары туу туралы куәліктерін уақытында алуға асықса екен.

А.ИШМҰХАНОВА,

Сырым ауданының  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар