28.07.2016, 16:33
Қараулар: 337
Рәміздер талапқа сай болсын

Рәміздер талапқа сай болсын

Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтың төрағалық етуімен аудан әкімі жанындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері  жөніндегі  комиссия отырысы өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің  басшысы Е.Исанов ауданда мемлекеттік рәміздердің талапқа сай қолданылуы, пайдалану және халық арасында кеңінен насихатталуы туралы хабарлама жасады.

Ауылдық округтерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық заңының орындалуы, Мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандартқа сәйкестігі туралы Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Ж.Мұхамбетжанов, Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Е.Мақашев, Жосалы ауылдық округінің әкімі  Қ.Ғабдешов, Сарой ауылдық округінің әкімі С.Бақтығалиев, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі  Қ.Исатаева, Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қ.Төлепов хабарлама жасады.

Аудандық білім беру бөлімінің  басшысы З.Ерғазиева аудандық білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және жас ұрпақ арасында ел рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыру жұмыстарының жүргізілуі туралы хабарлады.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар