28.07.2016, 16:32
Қараулар: 344
Ақшаны жария ету ерекшеліктері

Ақшаны жария ету ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғанын атап өтті. ҚР Президентінің «мүлікті жария етуге қатысу жөнінде әлі де ойланып жүргендердің барлығын осы мүмкіндікті  пайдаланып қалуға» шақыруын ерекше атап өткен жөн.   

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңына (Мүлікті жария ету туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, осындай банктердiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарын қоспағанда, Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке ағымдағы банктік шот ашады. Осылайша, 2016 жылғы 1 шілдедегі ахуал бойынша екiншi деңгейдегi банктермен 1 072 550 034 мың теңге сомасына 1858 банктік шот ашылды. Батыс Қазақстан облысында 852 909 мың теңге сомасына 21 банктік шот ашылған. 2015 жылғы желтоқсан айына, 2016 жылғы қаңтар және ақпан айының бірінші күндеріне банктердегі шоттарға қосымша шамамен 90 млрд. теңге енгізілген. Бұл жария етудің рәсімдері жеңілдетуімен, әсіресе, ақшаны бес жыл ішінде сақталуының және 10% алымның жойылуына байланысты.

Бұдан басқа, енгізілген өзгерістермен жария ету субъектілері үшін салықтық рақымшылық енгізілген, жария етілетін ақша және өзге мүлік, сондай-ақ осындай мүлікті жария еткенге дейін оны пайдаланудан алынған кірістер жария ету субъектілерінің салық салынатын кірісіне кірмейді.

Мүлікті жария ету туралы Заңның шеңберінде ақшаны жария ету тәртібі анықталған.

Жинақ шоттарында ақшаны сақтау, сондай-ақ жинақ шоттарынан жария етілетін ақшаны мерзімінен бұрын алу үшін алым төлеу бойынша талаптар алып тасталды. Осылайша,  жинақ шоттарында тұрған жария етілетін ақшаны мерзімінен бұрын алу үшін алым төленбеген ақшаны жария ету субъектілері банктік салым шарттарының талаптарын ескере отырып, өздерінің қалауына қарай пайдаланылады.

 Бірқатар қылмыстар және құқық бұзушылықтарды жасау нәтижесінде алынған (кіріс) рақымшылық жасауға жатпайды, оның ішінде:

— жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау;

— экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (Мүлікті жа-рия ету туралы заңында көрсетілген кейбір баптарын қоспағанда), оның ішінде экономикалық контробанда саласындағы қылмыстарды жасау;

— жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау және өткізу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланктерді, мемлекеттік наградаларды дайындау немесе өткізу;

— инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айлы-шарғы жасау нәтижесінде алынған мүлік жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ, сот тәртібімен оған құқықтар дауланып жатқан немесе кредиттер түрінде алынған ақшалар жария етуге жатпайды.

Мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттардағы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып танылады. Бұдан басқа, Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес, мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу, мүлікті жария етуші тұлғаға және (немесе) басқа да адамға, жұбайына (зайыбына) қатысты тәртіптік іс жүргізу үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды.

Мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәліметтер, қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс шеңберінде және (немесе) тәртіптік теріс қылықта жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықты жасауда жария етуші тұлғаның кінәлі екендігіне дәлелдемелер ретінде пайдаланыла алмайды.

ҚР Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) «Мүлікті жария ету» бөлігінде мүлікті жария ету бойынша жүргізілетін акциясына қатысатын екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ мүлікті жария ету бойынша жүргізілетін акциясына қатысатын екінші деңгейдегі банктердің жауапты қызметкерлерінің тізімі орналастырылған.

Осылайша, жүргізіліп отырған акция барлық өзінің мүлігін заңдастыру және құқықсыз аланнан шығудың соңғы мүмкіндігі болып табылады. Жаппай декларациялау енгізілгеннен кейін ешкім «көлеңкеде» қала алмайды. Сондықтан мемлекет ұсынатын мүмкіндікті пайдаланып қалу керек.

 Г.САТЫБАЛДИНА,

 «ҚР Ұлттық Банкі» РММ БҚФ

 директоры